Маңғыстауда мектеп шатыры құлаған соң қылмыстық іс қозғалды

1056
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PteDBHa0Atr8hBVreKWWdU2SqHuB6JFgMCuAUBCE.jpg

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залында шатыр құлағаннан кейін, 23 шілдеде аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыс әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ресми мәліметке сәйкес, тергеу «Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау немесе пайдалануға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазір мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша шектеу қойылған. Жергілікті билік орындары орын алған жағдайға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілетінін және нақты шешімдер туралы ақпарат кейінірек ресми түрде хабарланатынын атап өтті.

 Айта кетейік, оқиға 23 шілде күні Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы мектеп-гимназия ғимаратының акт залында болған.

Пікірлер