Атыраудағы бір отбасының өлімі. Күдіктіге тағы бір айып тағылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VBEHve9KtD9f6gei4TnkQVc9Zj2hCDW1oduXsCTL.jpg

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты күдіктіге тағы бір айып тағылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» мен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі «Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалған ұрлық» болып отыр.

Күдікті қамауға алынып, сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Пікірлер