«Диплом жасатуға көмектесер таныстарың бар ма?..» Сотта Перизат Қайраттың хаттары оқылды

1977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ulx5VTgIxIdl5VkjKIRd75Zi3JuEIE10XkrEnowh.webp

Бүгін, 17 шілде күні Астанада Перизат Қайратқа қатысты өткен сот отырысында куәгер Толғанай Боранқұл жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол айыпталушымен алғаш рет 2021 жылы карантин кезінде танысқанын мәлімдеді. Ал 2022 жылдың қыркүйегінен бастап олар тығыз араласа бастаған. Куәгер екінші айыпталушы Ғайни Алашбаевамен 2022 жылдың желтоқсанында өткен Biz Birgemiz Qazaqstan фестивалінде жүздескен. Сол уақытта Перизат Қайрат қайырымдылық қорының құрылтайшысы болған.

Толғанай олардың қарым-қатынасы тек іскерлік емес, достық сипатта да болғанын атап өтті.

Сот барысында айыптау тарабы Перизат Қайраттың телефонынан алынған 2023 жылдың 18 мамырындағы хат алмасуды жария етті. Онда айыпталушы Қазақстан дипломын жасатуға көмектесуді сұраған.

«Ол сізден «Диплом жасатуға көмектесетін таныстарың бар ма?» деп сұрады ма?»— деді прокурор.

Куәгер Толғанай Боранқұлова бұл хабарламаның өзіне келгенін растады. Айтуынша, ол екі жыл бұрын жазылған.

«Сол уақытта Перизат бір министрдің көмекшісі болып жұмысқа орналасып жатту-ау. Ол диплом керек екенін айтты. Мен оны сырттай оқуға түсу немесе жай ғана дипломды рәсімдету ниеті деп қабылдадым»,—деді куәгер.

Айыпталушы шетелде білім алғанын айтып, құрбысынан Қазақстанда дипломды қалай заңдастыруға болатынын сұрағанын жеткізді.

Толғанай Боранқұлов бұл сөзді растап, Перизаттың нострификация рәсімі туралы сұрағанын мәлімдеді.

Бұған дейін прокурор Мадина Оразалина Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ екенін айтқан еді.

Пікірлер