"Отын жетпей қалған". Үндістанда ұшақ апатының себебі белгілі болды

1469
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9xclpC4vOg14fyXhVDioDZee6aH7sGzdtolbGNHh.webp

Үндістанда ұшақ апатының себебі анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2025 жылдың 12 маусымында Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілген соң небәрі 29 секунд өткенде апатқа ұшырады. Апат салдарынан 260 адам қаза тауып, тек бір ғана жолаушы тірі қалғаны белгілі болды.

Үндістанның Әуе апаттарын тергеу бюросы (AAIB) апат себебін зерттей келе, екі қозғалтқышқа отын берудің кенет тоқтауы басты себеп болғанын анықтады. Тергеу нәтижесі бойынша, ұшу кезінде отын жүйесінің ауыстырғыштары белгісіз себеппен “RUN” (жұмыс істеу) күйінен “CUTOFF” (тоқтату) күйіне ауыстырылған. Бұл жанармай беруді тоқтатып, қозғалтқыштар тарту күшінен айырылған. Ұшқыштардың өзара сұхбаты жазбаға түсіп қалған.

"Неге отынды ажыраттың?" – деген сұраққа екінші ұшқыш "Ештеңе істеген жоқпын" деп жауап берген. Олар отын беруді қалпына келтіруге тырысқанмен, биіктік пен уақыттың жетіспеушілігінен бұл мүмкін болмаған.

Мамандардың айтуынша, бұл ауыстырғыштар кездейсоқ басылудан қорғалған. Яғни, оларды тек қасақана әрекет не техникалық ақау болған жағдайда ғана өзгертуге болады. Сондықтан бұл апаттың нақты себептері тергеу нәтижесінде толық айқындалады деп күтілуде.

Аман қалған жалғыз жолаушы – 40 жастағы Ұлыбритания азаматы. Ол ұшақтың артқы жағында, есікке жақын жерде отырған әрі қауіпсіздік белбеуін мықтап байлап алған екен. 

Пікірлер