Жер астындағы 17 күн. 41 адам дін-аман құтқарылды

1939
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның солтүстігіндегі құтқарушылар Гималайда опырылған туннель үйіндісінің астында қалған жұмысшыларды құтқару операциясын аяқтады. Олар 17 күн жер астында болды, деп хабарлайды "Адырна" порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

15:30 (Мәскеу уақытымен 18:30) шамасында Уттаракханд штатының үкіметі барлық 41 адамның құтқарылғанын хабарлады.

Туннельдің опырылуы 17 күн бұрын 4,5 шақырым тереңдікте болған.

Құзырлы орындар қуанышқа орай адамдардың аман екенін атап өтті. Жер астында қалса да ұзындығы шамамен екі шақырым және биіктігі 8,5 метрдей кеңістікте болды.

Қалың үйіндіге алғашқы саңылау тесілген бойда, қамалған халық мүмкіндігінше азық-түлікпен, сумен және оттегімен қамтамасыз етілді. Бірақ оттегі тапшылығы ерте ме, кеш пе, олардың жағдайына теріс әсер ете бастайды деген қауіп болды.

Құтқару жұмыстарына жүзден астам адам қатысты. Құтқарушылар соңғы бес метрді бұрғылап, одан кейін 57 метрлік құбыр арқылы жұмысшыларды жер бетіне шығаруға кіріскені хабарланды.

Дүйсенбіде Үндістандағы «егеуқұйрық шахтерлері» деп аталатын құтқарушылардың арнайы бөлімшесі құтқару операциясына тартылды.

Бұл командалар қолданатын әдіс негізінен көмір шахталарында қолданылады және өте тар кеңістікте жұмыс істеуді қамтиды.

 

Пікірлер