Екатеринбургте қамауға алынған Әзербайжан диаспорасының басшысы босатылды

1380
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/d2RmEBRdhQ2rWupWjn98DSVt5WeVcFgChvA09ZKr.jpg

Ресейдің Екатеринбург қаласында ұсталған "Әзербайжан-Орал" ұйымының жетекшісі Шахин Шихлински босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report агенттігіне сілтеп.

Әзербайжан диаспорасымен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметінше, Шихлински тергеу органдарына куә ретінде жауап бергеннен кейін босатылған.

Еске салайық, Шахин Шихлинскидің "Баку Плаза" сауда орталығы маңында арнайы жасақ тарапынан ұсталғанын хабарлаған еді. Ұстау кезінде оның ұлы Мутвалы Шихлински де болған. Алайда ол көп ұзамай босатылған.

66.RU ресурсының мәліметінше, сауда орталығы аумағында бірқатар құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеген. 

Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер