Түркияға ресейлік барлау дроны құлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі DW-ға сілтеп.
Ішкі істер министрлігі елдің солтүстік-батысында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты табылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұл ресейлік өндірістегі «Орлан-10» барлау дроны болуы мүмкін.
Дрон Измит ауданына қарасты Чубуклубала ауылдық аймағында анықталған.
БАҚ мәліметінше, дрон ауыл шаруашылығы алқабына құлап, жергілікті тұрғындар тауып алған.
«Орлан-10» дрондары Ресей Қарулы күштерінің Украинаға қарсы толыққанды басып кіруіне дейін барлау және нысананы анықтау мақсатында кеңінен қолданылған. Бұл ұшқышсыз аппараттар өндірісінің арзандығымен және ұзақ қашықтыққа ұша алуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ олар байланыс сигналдарын ұстап қалу, ұялы байланысты бұғаттау және ақпараттық хабарламалар тарату мүмкіндігіне ие.
Айта кетейік, 15 желтоқсанда Түркия Қара теңіз үстінде елдің әуе кеңістігіне бет алған белгісіз дронды атып түсірген.