2 млн теңге және көлік. Жұлдыз Мақатаев әкесін «сорлы еркек» деп атаған блогерді кешірді

1405
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3pqmAK376Ka62bSdZBfpk6HVrFCGHr9eW3B2NYw1.jpg

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында Мұқағали Мақатаевты «сорлы еркек» деген блогер Әлішер Теменовке қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Блогер Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігі (Қорлау) бойынша айыпталған болатын.

16 маусымда өткен сот отырысында жәбірленуші Жұлдыз Мақатаев  айыпталушыға кешірім берді. Ал Теменов кінәсін толық мойындап, қылмыстық істі жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартуды сұрады.

Судья үкім шығару үшін залдан шыққан кезде блогер жәбірленушіге екі миллион теңгені қолма-қол беріп, көлігінің кілтін де табыстады. Тараптар татуласуына байланысты сот іс жүргізуді тоқтатып, Теменовті қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Мақатаев әкесін балағаттаған блогерді сотқа беріп, моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге сұраған болатын.

Пікірлер