Департамент басшысының орынбасары 100 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденген

3388
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Б. Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-не қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер