Фото: medved-holding.com
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 11 қарашаға арналған республикалық маңызы бар автожолдардағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Мамандар бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр мен қар жауатынын ескертіп, жүргізушілерді сақ болуға шақырды.
Компанияның хабарлауынша, бүгін Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жауын-шашын күтіледі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол жамылғысы тайғақ болуы ықтимал.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жолдағы жағдайды ескеріп, көлік арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтауды ұсынады. Сондай-ақ жылдамдықты жолдың ахуалына қарай реттеп, күрт маневр жасаудан аулақ болуға кеңес берді.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.
