Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/so9KxCmCmb0mNXLSPn8CNkloMwz1qwVd7P9fWakS.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысын әуежайдан Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алған.

2026 жылдың 10–11 қарашасында Мәскеуде Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалығы аясында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр.

Форум бағдарламасына Еуразиядағы тұрақтылықты сақтау және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған 20-ға жуық тақырыптық іс-шара енгізілген.

Бүгін, 10 қарашада, ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті.

Ал 11 қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің төрағалығымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.

Пікірлер