Түсік жасатуға болмайды: АҚШ-та жаңа заңға жұрт қарсы шығуда

2752
Adyrna.kz Telegram

Жоғарғы соттың түсік жасату құқығына тыйым салу туралы заңына қарсы мыңдаған адам ел көшелеріне шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның үстіне, қазірдің өзінде бірқатар штаттарда түсік жасату құқығы жойылған.

«Менің денем - менің таңдауым» деп ұрандаған адамдар Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго, Филадельфия, Денвер, Сан-Франциско, Портленд, Сиэтл және басқа да көптеген АҚШ қалаларының көшелерін шулатуда.

Аборт жасауға рұқсат беретін заң күшін жойған Жоғарғы сот ғимаратына америкалықтар да жиналды.
Жоғарғы соттың шешімін қолдағандар да көшеге шықты. Олар 24 маусымды мереке күні деп атады. Жасанды түсік жасатуға қарсы белсенділер жасанды түсік жасайтын емханалардың алдына жиналып, сол жерде митинг өткізді.

Жасанды түсік жасату құқығына кепілдік беретін заңның тоқтатылатыны күні кеше белгілі болды. Заң енді абортқа толығымен тыйым салады.

Пікірлер