АҚШ пен Венесуэла арасында жаңа дау. Трамп ірі мұнай танкерінің тәркіленгенін жариялады

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3iOp91CTVXd1YHy2HZPKW6p3xPmiyIXzUsVzilet.webp

Фото: Reuters

АҚШ билігі Венесуэла жағалауында «өте үлкен» мұнай танкерін тәркілегенін ресми түрде растады. Бұл туралы алдымен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" порталы ВВС-ге сілтеп.

Трамптың айтуынша, танкерді ұстауға «өте маңызды себеп» болған, алайда ол егжей-тегжейін ашпауды жөн көрді. Президент жақын уақытта операцияға қатысты фотоматериалдар жарияланатынын да айтты.

Осыдан кейін АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди әлеуметтік желіде қосымша мәлімет таратты. Оның дерегінше, танкер бірнеше жыл бойы санкцияға ілінген, себебі ол «шетелдік террористік ұйымдарды қолдайтын заңсыз мұнай тасымалдау желісінің бір бөлігі» ретінде қарастырылған.

Бонди ФБР, Ішкі қауіпсіздік министрлігі, АҚШ жағалау күзеті және Қорғаныс министрлігі бірлесіп, Венесуэла мен Ираннан санкцияланған мұнай тасымалдауға пайдаланылған танкерді тәркілеу туралы ордерді орындағанын хабарлады. Операция «қауіпсіз және сәтті» жүргізілген. Бас прокуратура оқиға сәтінен қысқа видеожазба да жариялады.

Вашингтонның бұл әрекеті Каракастың наразылығын туғызды. Венесуэла билігі арнайы мәлімдеме жасап, АҚШ президентін айыптады. Ресми Каракас «Дональд Трамптың түпкі мақсаты  венесуэлалық мұнайды ешқандай өтемақысыз иемдену» екенін атап көрсетті.

Оқиға АҚШ пен Венесуэла арасындағы қарым-қатынаста жаңа шиеленіс тудырып отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер