Дәлелсіз үкім немесе Баяновтың ісі

1988
Adyrna.kz Telegram
Фото: time.kz
Фото: time.kz

Орал қаласында көптің сөзіне сүйене отырып, сот жас жігітті ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "kznews.kz"-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған Дархан Баяновтың туыстары редакцияға жүгінді.

Олардың айтуынша, Баяновқа қатысты тікелей айғақ сотта ұсынылмаған, жәбірленушілердің ешқайсысы оны мойындамайды.  Оның үстіне сотталушының қолында "алиби" бар.

Тергеушілердің айтуынша, Дархан Баяновқа 2020 жылдың қарашасында және 2021 жылдың ақпанында ақша айырбастау пунктін тонап кеткен қылмыстық топтың жетекшісі болды деген күдік тағылған.

Баянов осыдан бірнеше жыл бұрын ақтөбелік Құтжанов пен Хасеновпен бірге жазасын өтеген. 2020 жылдың қараша айында ақтөбеліктер Оралға келіп, Баяновтан пәтер жалдауға көмектесуін өтінеді. Осыдан кейін олар қарақшылық шабуыл жасап, сол күні кешке Ақтөбеге қайтып кетеді.  Бір-екі ай өткен соң олар Оралға қайта оралып, тағы да пәтер жалдап беруді сұрайды.  Алайда Баяновтың қос азаматтың қылмыс жасауға ниеттенген арам ойларынан мүлдем хабары болмаған еді. Бұл жолы Құтжанов пен Хасенов дүкен мен онда орналасқан ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасайды.

Сот барысында Құтжанов пен Хасенов тергеу процесінен бөлек, тағы да басқа айғақтар келтірді.  Олар Баяновтың олардың қылмысына қатыспағанын, тіпті олар туралы білмегенін де айтты.

"Баянов бізге тек пәтер жалдауға көмектесті", — деді айыпталушылар.

Екі айыпталушының да сөздерінің өзгеруі  тергеу барысында оларға моральдық және физикалық қысым жасалғанымен түсіндірілді.  Үндеуде олардың Ақтөбеден Оралға түнде жеке көліктерімен жеткізілгені айтылған.  Жолда Құтжановты ұрып-соғып, дене жарақаттары фактісі Орал уақытша ұстау изоляторына түскен кезде тіркелген.  Хасеновты азаптап, суықта жалаңаш ұстаған, әжетханаға кіргізбеген.  Нәтижесінде ауыр урологиялық ауруға шалдыққан. Бұл туралы сотқа да арыз түсірген, судья оны прокуратураға жіберген. Алайда прокуратура да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет те бұл іске көз жұмып отыр.

"Соққы мен ауруды растайтын барлық құжаттарды сот қылмыстық іс материалдарына тіркеді", — дейді Баяновтың адвокаты Загир Вагапов.

Құтжанов пен Хасеновтың пікірінше, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің мақсаты — Баяновқа жала жабу болған.

Мұндай жағдайларда дәлелдемелерді алудың заңсыз әдістерін болдырмау үшін барлық мән-жайларды тексеруді талап етеді.  Осыған сәйкес, бірінші сатыдағы сот прокурорға айыпталушылардың дәлелдерін қайта қарастыруды тапсырды.  Алайда, сот өз тексеруінің нәтижесін күтпестен, Құтжанов пен Хасеновтың айғақтарын  жалған деп бағалап, оларға сүйеніп, істі қарауды жалғастырды.

Бұл да түсінікті, себебі сыбайластардың алғашқы айғақтары Баяновты айыптауда осының барлығына негізделген.  Тергеуде оның осы оқиғаларға қатысқанын жанама түрде көрсететін бірде-бір дәлел жоқ.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, сыбайластардың төртеуі ақша айырбастаушыны тонаған.  Бұл іске Құтжанов, Хасенов және Баяновтан басқа тергеуде  Нурик есімді азаматтың қатысы бар екені белгілі болды.  Тергеу барысында бұл iске Нурикті  Баяновтың араластырғаны, ал сот отырысында Хасанов пен Құтжанов Нурикпен өз бетiнше кездескенiн хабарлағаны анықталды.  Ал ақша айырбастаушыны тонауға ұсыныс білдірген Баянов емес, Нурик болып шықты.

Айыпталушылардың алғашқы сөзіне сүйенсек, Баянов қарақшылық идеясын көтеріп, көлігін алып келіп, қылмыс барысында жүргізуші болған.  Прокурор сотқа жарқыраған көлікті көрсететін сапасыз бейнежазбаны ұсынды.  Бұл ретте нөмірді немесе көлік жүргізген адамды айтпағанда, көлік маркасын анықтаудың өзі мүмкін емес.

"Жазбаның сапасы көліктің маркасы менің клиентімнің көлігінің маркасына ұқсас екенін түсінуге мүмкіндік береді, басқа ештеңе емес, — деп жалғастырды адвокат.  — Біз бұл бейнені көрдік. Ештеңе анық байқалмайды.  Сонымен қатар, іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың қылмыс орнын көрсететін басқа камералардың видеосы бар. Бірақ оларда Баянов жоқ. Бізде Дархан Баяновтың сол кезде басқа жерлерде болғанын көрсететін есеп айырысу деректері бар.  Ол такси жүргізушісі болғандықтан, қаланы аралап жүріп, қылмыс болған жерге бір-екі шақырымнан артық жақындамаған".

Қазір Дархан Баяновтың туыстары мен адвокаты оның ісі бойынша аппеляциялық шағым әзірлеп жатыр және бұл істі жария ету әділеттілікті орнатуға септігін тигізеді деп үміттенеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер