Еліміздегі министрлер мен әкімдердің орташа жасы қанша?

2529
Adyrna.kz Telegram
Фото. ашық дереккөз
Фото. ашық дереккөз

Елімізде мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы — 39,7.  Бұл үш жыл бұрынғы дерекке қарағанда жоғарылау (2019 жылы 39 жас), деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"tengrinews.kz"-тің жазуынша, министрлердің, олардың бірінші орынбасарлары мен басқа да орынбасарларының орташа жасы биыл 45,7 болды. Соңғы үш жылда министрлер бір жылға дерлік "жасарды" - 2019 жылы 46,6 жас болған.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің және олардың орынбасарларының орташа жасы биыл - 48.

Министрлердің арасында ең жасы - ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. Ол 38 жаста. Өңір әкімдерінің ішінде ең жасы Шымкент қаласының 40 жастағы әкімі Мұрат Әйтенов.

Министрлер кабинетінде ең үлкені - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен ІІМ басшысы Марат Ахметжанов. Олар 57 жаста. Өңір басшылары арасында жоғары буын шенеуніктерінің ең үлкені - ШҚО әкімі Даниал Ахметов, ол 67 жаста.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер