Үш адам жансақтау бөлімінде. Ақтөбеде жол апаты болды

1015
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова даңғылындағы көпір аумағында ВАЗ және Honda автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басылымының жазуынша, оқиға 1 қыркүйек күні болған. ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Honda жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жасы 40 пен 68 жас аралығында.

«Зардап шегушілердің бірі ауруханаға жатқызудан бас тартты және амбулаториялық емделетін болады. Зардап шеккендердің үшеуі көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды, олар әлі жансақтау бөлімінде», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Пікірлер