БАҚ: Назарбаев БАӘ азаматтығын 1 миллиард долларға сатып алды

3164
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Әлеуметтік желіде Біріккен Араб Әмірлігінің әділет министрі Абдолла бен Сұлтан Авад әл-Нуаймидің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне азаматтық берген ерекше жарлығы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Төлқұжат үшін 1 миллиард доллар төлеуге дайын адамдар біздің елде тұруға лайық деп санаймын», деген болатын БАӘ әділет министрі.

Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz дереккөздері растады.

Бұл елде азаматтық туралы заңға өзгертулер өткен жылдың соңында қабылданғаны белгілі. Үміткерлер тек бірнеше шарттарды орындауы керек. Ақшаға келетін болсақ, заң инвесторды БАӘ-де жылжымайтын мүлікке ие болуға немесе экономика министрлігі бекітетін патент алуға міндеттейді. БАӘ мұғалімдерді, инженерлерді, дәрігерлерді, ғалымдарды және шығармашылық кәсіп өкілдерін қабылдауға дайын. Бірақ олардың бірегей ғылыми салада тәжірибесі, мамандығы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және халықаралық марапаттары болуы керек.

Біріккен Араб Әмірліктері Парсы шығанағы елдері арасында мұндай шешім қабылдаған алғашқы мемлекет. Бұған дейін шетелдіктерге азаматтық ерекше жағдайларда берілетін.

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратпен таныс еместігін айтып, Қазақстан Республикасының заңында қос азаматтыққа тыйым салынғанын еске салып, көші-қон полициясынан бірінші болып табылатынын анықтауды ұсынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер