Қаңтар оқиғасында жарақат алған басшы қызметінен кетті

3537
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатына байланысты қызметтен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы t.me/zakonkz телеграм каналы жазды.

"Мен қаңтар оқиғасында оқ жарақатын алған сәттен бастап жеткілікті уақыт өтті, бірақ жарақат әлі де алаңдатып жүр. Жұмыс істеу қабілетім қалыпқа келмеді. Қолымның қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру мен оңалтудың толыққанды курсынан өту қажет болғандықтан, Алматы спорт басқармасының басшысы лауазымынан кетіп, өз денсаулығыммен айналысуды дұрыс деп шештім", — деп жазды басқарма басшысы инстаграм парақшасында.

Еске салайық, 6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежі қала әкімдігіне қарай беттеп бара жатқанында, оған оқ жаудырған болатын. Сол кезде спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов пен Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қикімов зардап шеккен еді. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер