Ұлттық музей қызметкерлері Тоқаевтан Арыстанбек Мұхамедиұлына араша сұрады

3867
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық музей ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тиісті тексеру жүргізуді сұрап, ұжымдық хат жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз, ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қоғамда, елде қызу талқыланып жатқан негізсіз айыптауларға араласуыңызды сұраймыз», - деп жазады олар.

Хатта ұжым мұражайдың еліміздің рухани өміріндегі дәстүрлер мен жаңалықтарды біріктіретін бірден-бір ұйым екенін айтады. Олар өз мәлімдемесінде «Алтын адамның» әлемге саяхатын да атап өтеді.

«Ұлттық құндылықтарымызды, терең тарихымызды, қайталанбас өнерімізді әлем халқына паш ететін «Алтын адам» әлемге әйгілі мұражайларға қойылды», - деп жазды мекеме қызметкерлері.

Олар халықтың мәдени өмірінің игілігі үшін еңбек еткенде мұражайда заңды да, заңсыз да тінтулердің орын алатынына наразы.

«Тергеушілердің басты мақсаты – мекеменің қаржы-экономикалық саясатындағы кейбір олқылықтарды тауып, жоғары лауазымды тұлғалардың кінәсін әшкерелеу», - дейді олар.

Мұражай қызметкерлері істің шынайы әрі объективті болуы үшін президенттен істі бақылауға алуын сұрайды.

Айта кетейік, Ұлттық музей басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті «Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

16 мамырда Ұлттық музейде және Нұр-Сұлтандағы Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінту жүргізілгені белгілі болды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер