“10 000 аударыңызшы”: Павлодар әкімі ақша сұраған студенттің өтінішіне жауап берді

3263
Adyrna.kz Telegram
Фото: facebook
Фото: facebook

Павлодар әкімі Асаин Байханов Instagram парақшасында өзінен ақша сұраған студентпен хат жазысқан скриншотын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Сіз әкімсіз ғой, қалтаңызда үнемі тиын болады. Мен сізді, әкімсіз және миллионерсіз деп жатқан жоқпын. Жоқ, мен жәй сіздің жағдайыңыз менікінен сәл жақсырақ екенін түсінемін. Сондықтан, өтінемін, менің Каспиіме 10 000 аударыңызшы. Жүріп-тұрғанға. Әйтпесе шәкіртақы тек айдың аяғында үседі", - деп жазған жас жігіт әкімге.

Әкім студентке жерден жауап беріп, жігіттің өтінішін орындауға уәде берген. Сонымен қатар, оған көмек сұрамай, жұмыс істеу керек екенін түсіндіріпті.

"Келістік, осы жолы мен сізді қолдаймын және көмектесемін. Бірақ сіз, көмек сұрамай, еңбек етуіңіз керек. Мен өркениеттен алыс ауылда туып-өстім. Қалтамда бір тиынсыз қалаға келдім. Бұл, керісінше, маған күшті мотивация болды. Шаршамай, өмір сәтсіздікке толы болғанына қарамастан, құлшынысты жоғалтпай жұмыс істедім. Сондықтан, ешкім сізге жайдан-жай ештеңе бермейді, аянбай жұмыс істеу керек, ең бастысы жалқау болмау", - деп кеңес берген әкім.

Пікірлер