“Соққы береміз!”: Ресей Грузиядағы «Лугара» зертханасын АҚШ-тың қару-жарақ өндіретін биозертханасы деп санайды

2510
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ресей Грузиядағы  «Лугара» зертханасын АҚШ-тың қару-жарақ өндіретін биозертханасы деп санайды. Бұл туралы ММХҚИ әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Михаил Александров айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша.  зертхананы Ресейлік инспекторлардың тексеруінен өткізбесе, онда Ресей оларға зымыран соққысын жасауға толық құқылы.

«Грузияға тікелей ескерту керек. Біз инспекторларымызды осы нысандарға жіберуді талап етеміз, егер олар бас тартса, біз зертханаларды жойып, соққы беретінімізді айтуымыз керек. Украинаға жасап жатқан «арнайы операциямыздың» қасында Грузияға жіберетін бір-екі ракетамыз түкке тұрмайды, тіпті ешкім байқамай да қалады. Батыс, әрине, әдеттегідей, айғайға басады. Оның керегі не? Олар Ресейге қарсы биозертхана неге салады? Салудың қажеті жоқ еді!», - деді ол.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер