АҚШ Венесуэлаға шабуылдады. Елде төтенше жағдай жарияланды. Ел президенті қайда?

385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0Uk73bxYR8Erj42uTTeZOfuR5x2RWsdV1mJ6lh6p.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы бірқатар нысандарға, әскери объектілерге, соққы жасауға бұйрық бергені туралы ақпарат тарады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Осыдан кейін ел астанасы Каракаста бірнеше жарылыс тіркеліп, әуе базасы маңынан түтін көтерілгені хабарланды.

АҚШ билігі бұл ақпаратқа әзірге ресми түсініктеме бермеді. Алайда Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін енгізіп, бұл әрекетті АҚШ-тың «әскери агрессиясы» деп бағалады. Каракас Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне жүгініп, халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартуды талап етті.

ВВС дерегінше, АҚШ пен Венесуэла арасындағы көп жылдан бері жалғасып келе жатқан саяси текетірестің жаңа кезеңі деп бағаланған. Соңғы айларда АҚШ Кариб теңізі мен Тынық мұхиты аймағында Венесуэламен байланысты деп күдікке ілінген кемелерге бірнеше рет соққы жасаған. Вашингтон бұл операцияларды есірткі тасымалына қарсы күрес деп түсіндірсе, Венесуэла мұны егемендікке қол сұғу ретінде қабылдады.

Сонымен қатар, Дональд Трамптың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны биліктен кетіруге бағытталған қатаң риторикасы да жағдайды ушықтырған факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Бұған дейін Трамп әкімшілігі Венесуэлаға қарсы санкциялар мен әскери қысым тетіктерін бірнеше рет қолданған.

АҚШ әуе күштері Венесуэла астанасы Каракастағы Ұлттық ассамблея ғимараты, халықаралық әуежай мен бұрынғы әскери музей болған «Cuartel de la Montaña» кешеніне әуе соққы жасады. Бұл жерде бұрынғы президент Уго Чавестің қалдықтары орналасқан, музей саясаткердің өліміне дейін арнайы орынға айналған.

Каракас үстінде MH-60M Black Hawk тікұшақтары байқалған, олар бұрын Кариб теңізі аймағында жаттығулар өткізген.

Пікірлер