Досым Сәтпаев Қазақстан Түркиямен әскери байланысты нығайту керектігін айтты

2643
Adyrna.kz Telegram
Фото: f.azh.kz/news
Фото: f.azh.kz/news
Саясаткер Досым Сәтпаев Қазақстан Түркиямен әскери-саяси байланыстарды нығайтып, оны Ресей мен Қытайға қатысты геосаяси және экономикалық тепе-теңдікті құру жөніндегі шаралардың маңызды бөлігі ретінде қарастыру керектігін айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы t.me/usbanov/2504 телеграмм каналы жазды.
«Қазақстан келесі хаос аймағы ма? Украинадағы әскери жетістіктерінің болмауы және оған ленд-лизинг аясында Батыстың көмегі Ресейдің маңызды әскери, қаржылық, ақпараттық-насихаттық және басқа ресурстарын өзіне тартып, Кремльдің Қазақстанға қарауына мұрша бермейді. Ал, егер қарай қалатын жағдай болса, онда тағы да Ресейге кез- келген жағдайда Қытайдың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін ескеруге тура келеді.
Бірақ Қазақстан Түркиямен әскери-саяси байланыстарды нығайтып, оны Ресей мен Қытайға қатысты геосаяси және экономикалық тепе-теңдікті құру жөніндегі шаралардың маңызды бөлігі ретінде қарастыра отырып, кез келген ықтимал жағымсыз сценарийлерге дайын болуы керек. Оның үстіне, Қазақстан көптеген осал жерлері бойынша 2014 жылғы Украинаны қатты еске түсіреді. Әлсіз қауіпсіздік жүйесінен бастап қоғамдағы бөліністі ұлғайтып, халықтың бірегейлігіне сызат түсіруге құмартып отырған ресейлік пропагандалық арналардың теріс әсеріне дейін», - дейді саясаткер Досым Сәтпаев.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер