Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев халқына үн қатты

6436
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/ad3556ef-38b4-4648-9ea5-9d3da1d94202.jpeg

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.⠀

"Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр", - деді Шонтақбаев .

Айтуынша, оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқан көрінеді.

"Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын", - дейді ол.

Сәбит Шонтақбаев қолдап жатқан Қазақстан халқына алғысын білдірді.

"Құдайға шүкір, маған бәрі жетеді. Қазақстан халқына үн қатқым келеді, көмектесіп жатқан адамдарға алғыс айтамын. Бір-бірімізге жақсылық жасау өте дұрыс", - дейді ол.

Сәбит қыздың ата-анасымен  әлі кездеспегенін айтты.

"Қыздың анасы телефон соғып, алғыс айтты. Ата-анасын әлі көрген жоқпын", - деп түйіндеді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler