Атырауда мектеп 1 млрд теңгеге оқу кабинетін сатып алмақ болған

4339
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында 1 млрд теңгеге оқу кабинетін сатып алмақ болған мектеп анықталды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, оқу кабинеттерінің шын мәніндегі бағасы 3,5 миллион теңгеден 7 миллион теңгеге дейін болған.

«Мақат аудандық білім бөліміне қарасты Б. Қанатбаев атындағы орта мектеп 1 миллиард теңгеге қыздарға арналған технология кабинетін сатып алуды жоспарлаған. Алайда оқу кабинетінің құны 3,5 миллион теңгеден 7 миллион теңгені құрайтыны белгілі болды», - делінген агенттік хабарламасында.

Бұл фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу порталында жүргізген мониторинг барысында анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсыныс хат жолданды. Кейін бұл сома 12 миллион теңгеге өзгертіліп, 1 059 428 571 теңге бюджет қаражатын үнемделді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер