«Қазавтожол» басшысы жол жөндеу жұмыстарының кешіктірілуіне байланысты жұмыстан босатылды

2994
Adyrna.kz Telegram

«QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ орталық аппаратының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басшылары мен мамандарына қатысты әкімшілік шара қолданылды, деп хабарлайды  "Адырна" порталы. 

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың нашарлығы мәселесін тез арада шешіп, барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Мерзімді орындамағаны үшін жауаптылар жазалануы керек.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер