Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен сыйақы төленеді

2519
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

«Ашық НҚА» сайтында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтыру енгізу туралы  үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құжаттың авторы ретінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсетілген. Сондай-ақ, құжатта мемлекеттік басқару органдарына қандай құқық берілетіні жазылған.

  «Мемлекеттік басқару органдарына:

1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;

2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту;

3) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы берілсін. Аталған үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды», – деп жазылған Ашық НҚА сайтында.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер