Ішінде балалар болған. Ақтөбеде дүкеннен өрт шықты

2506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6146-960x500.jpeg?token=19a41533c1bcac5ae26c22db76f0a4e6

Бүгін, 12 шілдеде Ақтөбе қаласында дүкеннен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, ТЖМ қызметкерлері 7 адам құтқарды. Оның ішінде 3 бала, жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Пікірлер