Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров: Мені Болат Назарбаевтың адамдары қаматты

3706
Adyrna.kz Telegram

Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, Esentai City жобасының авторы Алмас Әбдіғаппаров Orda.kz сайтына эксклюзивті сұхбат берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Алмас Әбдіғаппаровтың қамауда отырғанына сегіз ай болды. Ол өзі жетекшілерінің бірі болған компаниядан 420 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс Есентай Ситидегі қымбат вилланың сатылуына қатысты, алдын ала тараған мәлімет бойынша, Әбдіғаппаров клиенттен ақшаны, дәлірек айтсақ 840 миллион теңгені алғанымен, компанияның кассасына ақшаның жартысы ғана түскен.

Әбдіғаппаровқа арызды оның жиені, «AV Construction» ЖШС директоры Рауан Бабаев жазған. Бірақ кәсіпкер өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, қылмыстық істі Әбдіғаппаров Болат Назарбаевтың көмекшісі деп атайтын серіктесі Елдос Қоспаевтың тапсырысы бойынша қозғалған деп санайды. Ал қылмыстық қудалаудың мақсаты, оның айтуынша, оның бизнестегі үлесін рейдерлік жолмен тартып алу.

Әбдіғаппаровтың өтінішінен 420 миллион теңге оның анасына берілген «AV Construction» ЖШС акцияларының 35 пайызын сату үшін алдын ала төлем болғаны белгілі болды.

Orda.kz тілшісінің қойған сұрақтарына Әдіғаппаров былай жауап берді:

– Сіз бұл оқиғаны анаңызға тіркелген «AV-Construction» ЖШС-дегі 25 пайыздық үлесіңізді рейдерлердің басып алуы деп есептейсіз. Ұйымдастырушы кім деп ойлайсыз?

– Иә, бұл анық рейдерлік іс. 25 пайыздық үлесті басып алуды Елдос Қоспаев ұйымдастырды. Оның шешімдерінсіз компанияда ештеңе жасалмайды. Оның адамдары компаниядағы барлық негізгі қызметтерде. Бірақ, ең қызығы, 5 қазандағы біздің мәлімдемеден кейін бірден 25 пайыздық үлес бір Ерлан Ақановқа өтіп кеткен. Бұл ретте жұрттың бәрі акцияның Асқарбекке берілгенін айта береді.

Ақановтың Елдос Қоспаевтың сенімді адамы екенін де анықтадық. «Есентай сити» және «АВ-Констракшн» ЖШС-нің сату бөлімі, сонымен қатар Қоспаевтың басқа да компаниялары орналасқан кеңсені Қоспаевтың ағасы Айдос Ақановқа нақты құнынан 20 есе арзанға сатып жіберген.

– Сіз ұрлады деп айыпталып отырған 420 миллион теңгеге жуық қаражат. Өзіңіз айтқандай, бұл акцияның 10 пайызын сату үшін алдын ала төлем болды. Неліктен Құндыз Назарбаева үлесті қайта тіркеу үшін құрылтайшылардан кеткенше күту керек болды? Бұл немен байланысты, сізге түсіндірді ме? Олар сол кезде сіздің үстіңізден қылмыстық іс қозғалатынын біліп, бұл тергеумен Назарбаевтың атын байланыстырғысы келмеуі мүмкін бе?

– Танашев пен Әбіжановқа 10 пайыз акция берілді – әрқайсысы 5 пайыздан үлес алады. Елдос маған түсіндіргендей, ешқандай сұрақ туындамас үшін  Құндыз Назарбаеваның босатылуын күту керек еді. Өйткені олай болмаған жағдайда оның барлығы немесе бір бөлігі оның атына аударылуы керек еді.

Қоспаев Бекзат Үсенов пен Құндыз Назарбаеваның көз алдында Esentay City жобасын әрқашан проблемалы және тиімсіз деп көрсетті. Барлық қайта тіркеуден өткеннен кейін Елдос өз үлесін бажасына (әйелінің ағасы) Тимур Танашевқа берді, анам 25 пайызды, Дастан Әбіжановқа 15 пайызды қалдырды. Қазір мен Құндыз Назарбаеваның Тимур Танашев арқылы жобадағы үлесі бар-жоғын білмеймін, бірақ мұның бәрінің артында өзінің бастығы Болат Назарбаевтың артына шебер жасырынып, таза өз мүддесі үшін әрекет ететін Елдос Қоспаев тұрғанына сенімдімін. Мен қамауға алынғаннан кейін Қоспаевтың жеңілдетілген бағамен пәтер сатып алу арқылы ақшасын алуды жалғастырып жатқанын білемін.

– Алматы қалалық ІІД бастығы Қанат Таймерденов пен оның орынбасары Рустам Әбдірахманов сізді жібереміз деп 4,5 миллион доллар талап еткені рас па? Полиция беделін қорғау үшін сотқа береміз деп қорқытты, олар бұл жоспарларын орындады ма?

Мен ұсталған соң бұл соманы Елдос Қоспаевтың тапсырмасын орындап жүрген Тимур Танашев талап етті. Шындығында, Алматы полиция департаменті Қоспаевқа оның жоспарын жүзеге асыруға көмектесуде, өйткені мені ешбір түсініксіз, «тапсырыс бойынша» деп ұстаған.

Пікірлер