Құлаған Ми-8 ұшағының жанындағы Курил көлінен ұшқышты қоса есептегенде үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
РИА Новости Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодовқа сілтеме жасай отырып, ұшқыштың мәйіті жағаға көтерілгенін, су түбінде тікұшақ сынықтарының қасынан тағы екі адамның мәйіті табылғанын хабарлайды. Іздеу операциясы күндізгі уақытқа жоспарланған.
12 тамызда Камчатканың оңтүстігіндегі Курил көліне Ми-8 тікұшағы құлағаны белгілі болды. Бортта үш экипаж мүшесі мен 13 жолаушы болды, оның ішінде бір бала болған. Сегіз адам тірі қалды, олардың екеуі реанимацияда. Төртеуі зардап шеккен жоқ.
Құқық қорғау органдары қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігінің жұмысы ережелерін бұзу фактісін тергеуде.
"Адырна" ұлттық порталы