БҰҰ Тәжікстанды Орталық Азиядағы ең бақытсыз ел деп таныды

3225
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ 2022 жылға арналған бақыт туралы дүниежүзілік баяндасын жариялады (World Happiness Report-2022), онда Тәжікстан 146 елдің арасында 83-орында. Бұл туралы бүгін, 18 наурызда "Азия плюс" АА хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Агенттіктің хабарлауынша, бір жыл бұрын Тәжікстан 78-ші орынға ие болған. Ал қазір ол бес сатыға төмендеді.

Жаңа баяндамада 10 балдық шкала бойынша 5, 77 балл жинаған республика Орталық Азия елдері арасында ең төменгі орынды иеленді.

Қазақстан ең "бақытты" елі деп танылды (жалпы 40-орын). Өзбекстан 53-ші орында, Қырғызстан — 64-ші, Түркіменстан — 78-ші орында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер