Болашақ журналистер Сарыарқа төрінде бақ сынады

3061
Adyrna.kz Telegram

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша Х пәндік республикалық олимпиада өтіп жатыр. Олимпиадаға Қазақстанның бірқатар қаласынан қатысушылар келіп, өзара сайысқа түсті.

Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 18 жоғары оқу орнынан 48 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті. Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видеоларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.

Олимпиаданы Қарағанды университетінің ф.ғ.д., профессоры Асанов Қойлыбай ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушыларды Қарағанды қаласын аралатып, көрікті жерлердің тарихымен таныстырды.

Студенттер бір-бірімен етене араласып, достасып үлгерді. Қарағанды қаласын аралап болған соң, «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихы» мұражайына жол тартты.

Мұражайда университет тарихымен таныстырды. Сондай-ақ, археологиялық залына да бір шолу жасап шықты.

Құшақ жая қарсы алған ҚарМу ұйымдастырушылары кешке бейресми кездесу өткізіп, қатысушылардың көңілін барынша көтеруге тырысты. Дүбірлі дода бүгін өз мәресіне жетеді.

Пікірлер