«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков әлеуметтік желіде таралған екі депутаттың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
Естеріңізге салсақ, кеше Семей қалалық мәслихатының екі депутаты Айдос Қисаменов пен Дулат Қажмұханбет «Nur Otan» партиясынан шығатынын және депутаттық өкілеттіктерін тоқтатқанын жариялаған болатын.
Олег Чугунковтың айтуынша, дабыл қағатындай, жаһандық құбылыстар орын алып жатқан жоқ. Ол саяси партия – ортақ саяси мақсаттар мен ұстанымдар негізінде құрылған азаматтардың ерікті бірлестігі екенін еске салды.
«Өздеріңізге белгілі, келесі айдан бастап біз жария форматта партиямыздың атынан депутаттардың қоғамдық рейтингін қалыптастыру үшін онлайн платформаны іске қосамыз. Бұл рейтинг мәслихаттар депутаттарын Халықпен неғұрлым тиімді және тұрақты өзара іс-қимыл жасауға ынталандыру және сайлау алдындағы бағдарламаларды іске асыру үшін олардың дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылады. Мүмкін, біздің бұрынғы әріптестеріміз сондықтанда алдын ала шулап, өз міндеттемелерінен «босатуды» шешкен шығар», - деген қорытындыға келеді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Сонымен қатар, ол «Nur Otan» басқарушы партия ретінде елдегі жағдай үшін жауапкершілік жүгін бірінші жыл көтеріп отырған жоқ, дейді. Чугунков Қазақстан халқына қызмет ету мүддесінде өзіміздің тиімділігіміз бен мүмкіндіктерімізді арттыру үшін жаңғырту үдерісінде екенін тілге тиек етеді.
Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары билеуші саяси күш әрқашан елдің барлық проблемалары үшін жауап беретінін де жазды. Оның пікірінше, елдегі көптеген оң саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің артында партия мүшелерінің - өз істерімен мойындауға ие болған қамқор, жігерлі, белсенді адамдардың жұмысы тұр.
«Бұл партия қатарын «партияда өзін жақсы көретін», бірақ өзін оның бір бөлігі ретінде сезінбейтін кез-келген кездейсоқ тұлғалардан жүйелі тазартуды қамтиды. Осымен біз жыл сайын айналысамыз. Сонымен қатар, партияға да белсенді түрде кіретіндерін айту керек. Тек қазір менде «Nur Otan» қатарына кіру ниеті 200–ден астам адамның өтініштері жатыр. Бірнеше адам кетседе - бұл ешқандай мәселені өзгертпейді. Мен желіде 2005 жылы партия қатарынан бірнеше ондаған адамды алып, бір қоғам қайраткері шыққанын оқыдым. Содан бері біздің партия Саяси конъюнктуралардан арылып, тек күшейе түсті. Сондықтан мұны партияның өзін-өзі тазарту актісі ретінде қараңыз», - деп атап өтеді Чугунков.
Оның пікірінше, «Nur Otan» бәсекелестік күрес арқылы көшбасшы партия, халықтық өкілдік партиясы және парламенттік көпшілік болып табылатынын дәлелдеді. Партия алдында көп жұмыс пен міндет тұр. Партия өкілі мемлекет басшысы жариялаған реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін партия тек нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.
"Адырна" ұлттық порталы