Электронды темекінің адам ағзасына зияны жоқ: Ақпарат қаншалықты рас?

6055
Adyrna.kz Telegram

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ ЖОҚ ДЕГЕНІ РАС ПА?

Соңғы кезде: "Электронды темекі туралы не ойлайсыз? Олар темекі шегетіндердің және қасында жүрген адамдардың денсаулығына зиян келтірмейді дегені рас па?" сияқты сұрақтарды емделушілерім жиі қоятын болды. Бұл мәселені бірге түсінуге тырысайық.

Электронды темекінің бірнеше түрі бар. Олардың бәрінде, батарея, қыздыру элементі және құрамында никотині бар сұйықтық немесе пластинкаларға арналған контейнер орнатылған. Атаулары да әр түрлі болуы мүмкін: "е-темекі", "вэйптер", "е-қаламдары", "никотинды жеткізу бойынша электрондық жүйелер" және т.б.

Электронды темекіні "шегу" процесі барысында темекінің қыздыру процесі (әдеттегі темекінің жану процесінің орнына) және құрамында никотин және басқа да химиялық заттары бар аэрозоль түрінде никотиннің бөлу процесі жүреді. Темекіні шегушілер бұл аэрозольдарды демді ішке тартқанда жұтып алады. Аэрозоль құрамына никотиннен басқа келесі ҚОСЫМША заттар кіреді: өкпеге терең түсетін ультрадисперстік шайырдың ұсақ бөлшектері, хош иістендіргіштер (мысалы, өкпенің химиялық зақымдауын тудыратын диацетил) ұшпа органикалық компоненттер, ауыр металдар (мысалы, қорғасын, никель және т. б.) және обырының дамуының жоғары қаупіне әкелетін басқа да субстанциялар.

Зерттеулердің деректері бойынша электронды темекі кәдімгі темекі сияқты тыныс алу жолдарына зиянды әсер етеді. Сонымен қатар, электронды темекінің кейбір түрлерін өндіретін өндірушілердің өз деректері көрсеткендей, бұл құрылғылар аэрозоль темекіні қыздырғанда бөлінетін зиянды заттардың құрамы бойынша әдеттегі темекіден статистикалық айырмашылығы жоқ. Бұл аэрозоль темекіні шегетін адамдардың, сонымен бірге қасында тұрған адамдардың денсаулығына зиян келтіреді.

2019 жылы АҚШ-тың Сырқаттанушылықты бақылау бойынша орталығы (CDC) электронды темекіні шегумен байланысты жаңа өкпе аурудың өршуі туралы жариялады. 2020 жылдың 04 ақпанына 2,758 жұқтыру және 64 өлім жағдайлар тіркелді. Аталған аурудың ағымы, басында пневмония сияқты өтеді, бірақ өзіне тән айырмашылығы – антибиотиктермен емдеуден әсерінің болмауы болып табылады.

Бірақ әлі күнге дейін белгісіз, темекінің қоймалжың сұйықтығының дәл қандай компоненті өкпе зақымдануын туғызатындығы. Олардың бірі осы қосымша заттардың ішіндегісі танымалы Е дәруменнің ацетаты болуы мүмкін. Жасөспірімдер мен "тәжірибелі" темекі шенушілер ауруға бірдей бейім, сондықтан бұл жайт АҚШ билік органдарында үлкен алаңдаушылығын тудырды. Науқастардың орташа жасы- 24 жас (13-тен 85 жасқа), оның ішіндегі 79% - 35 жастан кіші. Бірқатар штаттарда электронды темекіні сату және таратуына тыйым салынған.

Е-темекіні шегу салдарынан өкпе зақымдану жағдайлар туралы Канада, Жапония және басқа да елдердің билік орындары кейінірек хабарлады. Брюссельден 18-жастағы Рафаэль Пауэт 6 қараша 2019 жылда қайтыс болды: пневмония және ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі дамыды, нәтижесінде жасанды комаға түсірді, сүйемелдеуші ем жүргізілгеніне қарамастан, жігіт аман қалмады. Электронды темекі 18 жасқа арналған сыйлығы болды.

Адамдардың көбісі темекі шегуді тастау немесе денсаулыққы туғызатын зиянын азайту мақсатында кәдімгі темекіден электронды темекіге ауысады. Алайда, шын мәнінде, электронды темекінің денсаулыққа зияны жоқ деген пікірге дәлелдемелер жоқ.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер