Жетім балаларды қолдау аясында вебинар өткізілді

3640
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Интернаттан кейінгі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау» жобасы аясында атқарылып жатқан істер көп.

Осы негізде, 2021 жылдың 30 маусымында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз өмір сүріп жүрген жастардың оқуға түсудегі мүмкіндіктері мен жеңілдіктері» тақырыбында 2021-2022 оқу жылына  қабылдау жұмыстары  бойынша вебинар өткізілді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері туралы 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264  (ҚР Үкіметінің 2021.04.21 № 256 қаулысы)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жайында мәлімет берілді.

Пікірлер