Әлемдегі ең қауіпті эпидемиялар қанша уақытқа созылды?

3935
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көздерінен алынды
фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Біз короновирустық эпидемия қанша уақытқа созылатынын әлі білмейміз. Ал коронавирусқа дейінгі эпидемиялар қанша уақытқа созылған және олармен қалай күрескен?

Еуропа мен Қытайдың 100-130млн тұрғынының өмірін алған бубондық обаға тоқталсақ. Бұл оба үш кезеңге созылды. Біріншісі, оба Египет пен Еуропада 150 жылға созылған екен. Екінші кезеңі "Қара өлім"деген атаумен жеті жылға созылған. Үшінші кезеңде оба Қытайдың 12 млн тұрғынының өмірін алды. Эпидемия тек антибиотик стрептомицин шыққаннан соң басылды.

Орта ғасырлардағы екі жүз жылдан астам уақыт бойына өрбіген шешек эпидемиясына да тоқталсақ. Бұл вируспен 15 ғасырда американдықтар ауырып шықты. Ал 1870 жылдары ауру Еуропаға да тарады. 4 млрдтан аса адамның өмірін қиған вирусты тек жаппай вакцинациялау ғана тоқтатқан .

Тағы да бір әлемнің түкпір-түкпірінде тараған ішек инфекциясы-холераға да тоқталсақ. Бұл аурудың ең қысқа кезеңі 8 жылға созылып, ең ұзағы 24 жылға созылған. Аурудың қоздырғыш күші бактериялар болған. Организмге ластанған сумен еніп, ішекке әсер еткен. Аурудан 19 ғасырда 40 миллионнан астам адам қаза болды.

Сондай-ақ 20 ғасырдың басындағы адамзат тарихындағы ең ауқымды тұмау - испан тұмауы. Бірінші, Дүниежүзілік соғыспен тұспа - тұс келген  ауру антисанитарлық жағдайлардың әсерінен елдер арасында тез таралды. Ауруды әлем халқының 30%-дан астамы жұқтырып, 100 миллионға дейін адамдар қаза тапты. Аурудың негізгі белгілері - жоғары температура, құрғақ жөтел, ал асқынып кеткен жағдайда өкпеге қан кетуге дейін байқалған.

Міне, адамзат тарихындағы қаншама адамның өмірін алған аты жаман дерттер осы. Дес бермей, әлемді жаулаған коронавирусты да тарих беттеріне қалдырып, бұрынғы өмір сүру қалпына қайта оралар деген сенімдеміз. Бірақ енді басқаша көзқараспен...

Ұлжан Тұрлыбек

Пікірлер