Гүлді сыйлай білесіз бе?

5980
Adyrna.kz Telegram

Біз қоршаған ортаны жасыл-желек және хош иісті гүлдерсіз елестете алмаймыз. Олардың бізге берер көмегі де, тигізер пайдасы да аз емес.Құлпырған гүлдердің ішіндегі сыры да, атқарар қызметі де әртүрлі. Ол тазалық пен сезімді, өшпенділік пен жауапсыз махаббатты білдірудің хас шебері бола алары анық. Дегенмен де, адам гүл сыйлағанда өзінше талдау жасайды. Мысалы: өткен ғасырда адамдар өз сезімін білдіруде гүл тіліне сүйенген. Гүлдеген шие ағашының гүлін сыйға тартып өзінің ақ адал махаббатын білдірген. Ал, сыйланған сүмбігүл саны арқылы кездесу күнін белгілейтін болған. Сол заман серілері ғашығына ақ раушан гүлін сыйлап сөз салып, дәстүргүлді келісім ретінде үміттене күтетін болған. Ал сіз гүл сыйлай аласыз ба? Қандай гүлді кімге сыйлау керек екенін тарқатып өтсек.  

Қалампыр – абырой мен намыс, әйелге деген махаббат. Қалампырдың әр түсі әртүрлі мағына береді. Мысалы: ақ қалампыр – ол біреуге арман, мақсатына жетуге тілектес  мағынасында берілсе, сары қалампыр – сыйлаған адам сізге өзіне сеніммен қарауға шақырғанының белгісі. Қызыл қалампырды сіз өзіңізге сыйлы, құрметті адамға сыйға тарсаңыз болады, мейлі сүйіктіңізге, мейлі бастығыңызға. Күлгін түсті қалампыр ана махаббатының белгісі. Бұл гүлді тарту ету арқылы сіз анаңызға деген құрметіңіз бен махаббатыңызды және оған деген кіршіксіз сеніміңізді білдіресіз. Егер, сіз сыйға тартқан қалампыр гүлі бір түсті болса, онда сіздің келісіміңіздің белгісі, ал сызықтарымен болса, онда келісімнен бас тартқаныңыздың айғағы.

Сүйіктіңізге сезім білдіру мақсатында ақ кекіре (ақ астра) гүлін сыйлауыңызға болады.

Егер сіз би кешіне барғанда Викария гүлін ұнаған жанға сыйласаңыз оны биге шақырғандығыңыздың белгісі.

Құмыра гүлді сыйлаған адам – өзіне сенуін, әрқашан қамқорлық сезімінде болып, аялайтындығын айтқысы келеді.

Азалия гүлін сіз өзіңіздің сүйіктіңізге, мені күтуге дайын бол деген оймен сыйласаңыз болады.

Егер сіз ер-азаматыңызға өз ойыңызды білдіргіңіз келсе, оның сіз үшін жай дос емес одан да жақын адам ретінде көргіңіз келетінін жеткізгіңіз келсе онда Амарилис сыйлағаныңыз абзал.

Бір көргеннен ғашық болып, сезіміңізді білдіргіңіз келсе Глоксиния гүлі таптырмас сыйлық.

Үнділіктердің ойынша махаббаттың жарық жұлдызы болған Жасмин гүлі сезімталдық пен әйелге тән нәзіктіктің белгісі.

Жау әрқашан жаныңызда болуы мүмкін дегенмен оғанда сыйлық дайындағаныңыз абзал. Аконит гүлі бұл кезде таптырмас сыйлық болары анық.

Өзіңізге ұнамайтын, бірақ өшпенділігіңізді айта алмайтын адамға Насыбайгүл (базилик немесе райхан гүл) сыйға тартуыңызға болады.

Жауапсыз махаббат белгісі – кептірілген гүлдер шоғыры. Егер де, өзіңізге ұнамайтын жан мазаңызды алса, осындай гүл шоғырын сыйға тартсаңыз, өзіне көңілі толмайтынын бірден түсінеді.

Ежелгі шығыста гүлдің түсін жылдың мезгіліне сай таңдаған – солғын  түсті гүлдерді – қыстың күндерінде, ақшылдарын – күзде, көк гүлдерді көктемде, қызылдарын жазда сыйлау дәстүрі болған.

Гүлді жақсы көрмейтін жан болмайды, жақсы гүлді жақсы адамдарға сыйлай біліңіздер!

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер