Cағди Ширази  шығармашылығына арналған  жыр-мүшайра өтті

5560
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдың 13 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы мәдени өкілдігі  және Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ  шығыстану факультетімен бірлесіп онлайн форматта  «Cағди Ширази  шығармашылығына арналған  жыр-мүшайраны»  жоғарғы деңгейде  өткізді.

Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы мәдени орталығы, жоғары оқу орындары оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өткен халықаралық  жыр мүшайраны шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі  Жалалова А.М. ашып беріп Cағди Ширази  шығармашылығына тоқталып, «Гүлстан» мен «Бустан» атты еңбектеріне аса мән беріп, оның құнды жақтарына айрықша көңіл бөлді. Сонау ғасырда жазылған қуатты афоризмдері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрапаққа тарап отыр және  бұны адамзат баласы  керекті кәдесіне жаратып  келе жатқанын,  туындысының тағлымы кең, жастарға тәрбие беретін  маңыздылығын айтып берді.

Кейін сөз тізгін алған Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы Қиынова Ж.К. университеттің Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы мәдени  орталығымен етене жұмыс істеп, әрдайым  университетте студенттердің парсы тілін оқып, үйренуіне қол ұшын беріп отырған Иран мәдени орталығы басшыларына алғысын білдірді. Осындай қиын уақытта ғалымдар мен мәдениет өкілдерін жақындастырып онлай форматта  «Cағди Ширази  шығармашылығына арналған  жыр-мүшайра»   ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.

Одан әрі шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының  ф.ғ.к. Садықова Р.К. әлемдік әдебиетте баға жетпес орны бар, шығыстың жеті жұлдызының бірі,  шайыр Сағди Ширази шығармашылығы жайында қатысып отырған тыңдаушыларға айта отырып,  қысқаша ақынның өмірбаяны туралы  тың деректер келтірді. «Гүлстан» мен «Бустан» еңбегінің тәрбиелік мәнін, оның  шығармашылығына тәнті болған қалам иелері Сағдиді «Сөз шебері», «Сөз патшасы» деп мадақтағаны туралы тұжырымды ақпараттарымен бөлісті.  Сағди Ширази туындыларының бағалы тұстары адамгершілік рухта жазылғанын, оның шығармаларындағы сөз иірімдерінің шебер берілуі, насихат пен ғибратқа толы,  тіпті олардың қаншама уақыт  зымырап өтсе де, болашақ ұрпақ үшін құнын жоғалтпай,  тайға таңба салғандай   сақталып  қалатындығын тілге тиек етті.

Иран  Ислам  Республикасы  мәдени  орталығының  директоры  Кибраий  Задэ  мамыр   айында тойланатын   атақты   Иран шайырлары күндеріне көңіл бөліп,  Фердоуси мен Омар Хаям туралы тоқталып өтті. Олардың әлемдік әдебиеттегі орнын жоғары екенін айта отырып, шығармаларының баға жетпес  артықшылықтарын, ерекшеліктерін тізіп айтып берді. Содан кейін Кибрай Задэ Сағди Ширазидің творчествосына  және өмір жолына тоқталып, кеңінен түсіндіріп берді, туындылары өмірдің бай тәжірбиесін жинақтау арқасында дүниеге келіп, оның  сапарлары шайырдың танымының кеңеюіне септігін тигізіп, бүгінгі оқырмандардың да рухани әлемін байытуға ерекше үлес қосып отырғанын,   шешендік өнердің әлемдік деңгейіне көтерілуіне  Сағди Ширазидің орны ерекше екенін қадап айтты.

Жыр мүшайраны одан әрі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессоры Ислам Жемени  «Сағди дүниетанымының негіздері» атты баяндама жасады. Ғылыми, философиялық тағлымы мол баяндамасы арқылы тыңдаушыларға  Сағдидың басқа да қырларын таныстырып өтті. Ғалым ғибратқа толы Сағди туындылары өзінің асыл болмысы, қымбат құндылығымен  бағалы екеніне дәлелді тұжырымдар  беріп,  Сағди  шығармаларының басты мазмұны білімділікті, парасаттылықты, имандылықты, әдептілікті жоғары деңгейді қойғаны, ал  адамгершілік   тақырыбының негізгі өзегі болып өрілгенін түсіндіріп берді.

Қызғаныштықтан арылып, адамды қанағатшыл, иманды болуға, жақсы істермен әрекет жасауға, ақылды болуға шақырды. Адам қанша жаксылық жасаса, кереметке кенелетіні рас. Қанағатшыл болсаң, сізді адастырудан сақтайды. Әрекет ет, сізге берекет берсін деп  жастарға насихат берді. Ислам Жемени  Сағдидің даналығын айқындап, өзінің үшкір ойларымен бөлісті, шайыр өнеге етіп қалдырған құндылықтарын іске асыру керектігін атап өтті.

Кейін Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ шығыстану факультетінің  деканы  Дәуен Д. Б. өз ойымен бөлісті. Парсы әдебиетінің рөлі, соның ішінде Сағди шығармаларының негізгі тақырыбы адам, адамгершілік, адами құндылықтар екенін атап өтті. Сөз шебері Сағди шығармаларының басты ерекшелігі – оның нақыл сөздерінің  оқырмандар әрдайым жадында болуы. Бұл ақын шеберлігінің басты қыры. Аталмыш шараның студенттер үшін тағлымы жоғары, тәрбиелік  мәні зор екеніне тоқталып өтті.

«Тәжіктер  арасындағы Сағди  бейнесі» деген тақырыпта Тәжікстан ұлттық  университетінің ф.ғ.д., профессор  Мисбохиддини   Нарзиқул  баяндама жасады. Сағди Ширазидің тәжік халқы арасында үлкен құрметке ие, оның әр бір насихат-өнегеге толы пайдалы сөздері  халық арасында кең қолданысқа ие және мәңгі өшпейтін жарық жұлдыздай жарқырап қалатынын  баса айтты.

Одан әрі «Сағди өмірі мен шығармашылығы»  атты тақырыпта Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 4 курс студенті  Досмұрат  Н.  Сағди өмірі мен шығармашылығы жайында мазмұнды ақпараттарымен бөлісті.  Кеш соңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3 курс студенттері Женисбекқызы А., Бейсенғалиева Д., Қарсыбаева Ш.,  Елеусіз А.,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті  Абдурахимова  Ұ. және Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ  3 курс студенттері  Қадирханова М., Құлмағанбетова А., Ғапарали қызы  Г.  Сағди Ширази шығармаларынан парсы тілінде  үзінділер оқып, зор қошеметке бөленді.

Одан әрі «Сағди өмірі мен шығармашылығы»  атты тақырыпта Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 4 курс студенті  Досмұрат  Н.  Сағди өмірі мен шығармашылығы жайында мазмұнды ақпараттарымен бөлісті.  Кеш соңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3 курс студенттері Женисбекқызы А., Бейсенғалиева Д., Қарсыбаева Ш.,  Елеусіз А.,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті  Абдурахимова  Ұ. және Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ  3 курс студенттері  Қадирханова М., Құлмағанбетова А., Ғапарали қызы  Г.  Сағди Ширази шығармаларынан парсы тілінде  үзінділер оқып, зор қошеметке бөленді.

Шара соңында Шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жалалова А.М.   Cағди Ширази  шығармашылығына арналған  жыр-мүшайраның  өз мәресіне жеткенін хабарлап, шығыс әдебиетінің негізін қалаған, сөз зергері – Сағдидың шынайы жазылған, терең ойға, парасат-пайымға толы, бағалы  еңбектерімен келешекте де   әдебиет әлеміндегі жарқыраған шоқ жұлдыздай  жарқырай береді деп жыр-мүшайраны  ұйымдастырғандарға, қатысқандарға өз  алғысын білдірді.

 

Р.К.Садықова

 

 

 

 

 

 

Пікірлер