Қауіпті «НОД» ұйымы еркін жұмыс жүргізуде (видео)

22142
Adyrna.kz Telegram

Ютубте  «Тіл майданы» арнасында өскемендік Қуат есімді азамат ел тәуелсіздігін мойындамайтын НОД ұйымының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қуаттың айтуынша, НОД ұйымы Өскемен қаласында ашылған.  Ұйым өкілдері қала ішінде арнайы парақшалар таратып, өз қатарына тартуды бастапты. Әлгі парақшада «ҚазССР», «СССР» деген сөздерді қолдана отырып, «мен өз еркіммен 1991 жылы КСРО азаматтығынан шыққан жоқпын. ҚР азаматтығын өз еркіммен алған жоқпын» делінген. Бұл туралы бейнеүндеу жолдаған Қуат НОД-тың бұл әрекетін сепаратистік әрекет деп құзырлы органдарға үндеу жариялады.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер