ЕО АҚШ-қа қарсы жоспарланған баж салығын 90 күнге шегерді

978
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Еуропалық Одақ АҚШ-тан әкелінетін тауарларға қатысты жоспарланған жауаптық баж салығын 90 күнге шегерді. Бұл шешім Вашингтонның өз баж салығын уақытша тоқтатуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Бұл туралы 10 сәуір күні Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

"Біз президент Трамптың мәлімдемесін назарға алдық. Келіссөздерге мүмкіндік бергіміз келеді. Қатысушы мемлекеттердің қолдауына ие болған ЕО-ның қарсы шараларын қабылдау процесі аяқталуға жақын. Алайда біз оларды 90 күнге кейінге қалдырамыз", – деді фон дер Ляйен. Сонымен қатар ол келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда ЕО қарсы шараларды іске қосатынын атап өтті.

Бұған дейін, 7 сәуірде ЕО-ның сауда істері жөніндегі комиссары Марош Шефчович Брюссель 15 сәуірден бастап АҚШ-тан келетін кейбір тауарларға алғашқы қарсы баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл тізімге америкалық джинсы, виски, жержаңғақ майы, мотоциклдер және басқа да тауарлар кірген.

Алдағы уақытта бұл тізім кеңейіп, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы өнімдері: құс еті, сиыр еті, кейбір теңіз өнімдері, жаңғақтар, жұмыртқа, сүт өнімдері, қант пен көкөністер енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ кейбір өнеркәсіптік тауарлар, былғары бұйымдар, тұрмыстық техника, құрал-саймандар, пластмасса және ағаш өнімдері де бұл тізімге енуі ықтимал.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер