Қара күштің иесі

870
Adyrna.kz Telegram

Бүгін — қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан.

Қажымұқан жастайынан байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген. Сол кезде батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарып алғаны туралы әңгімелер де бар. Ол 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла бастады. Оның Ақмола облысы бойынша барлық атақты палуандарды жеңгені туралы әңгіме бүкіл қазақ даласына тез тарап кетеді. Ал 18 жасында оны циркке жұмысқа шақырды.

Палуан бабамыз әлемнің 54 мемлекетінде өнер көрсетіп, 48 медаль жеңіп алған. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтқан.

Айта кетейік, Мұңайтпасұлы тұратын үйде қонақта болған филолог-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев палуанның физикалық өлшемдерін жазып алған. Сол кезде 75 жастағы палуан жалаңаш тұрғанда 174 келі тартқан. Шалбарының өзіне үш метр мата, көйлегіне 6 метр сұрып кетеді екен.

Пікірлер