Толассыз жауын-шашынның салдарынан. Алматы облысындағы медициналық орталықты су басты

941
Adyrna.kz Telegram
Фото: ru.forwallpaper.com
Фото: ru.forwallpaper.com

Толассыз жауын-шашынның салдарынан Алматы облысындағы Қотырабұлақ өзені арнасынан асып, Талғар ауданы Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оқиға бүгін, 25 наурызда болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, су басуға өзен арнасының заңсыз тарылуы себеп болған. Тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршау мен күркелер орнатқан, бұл судың өткізу қабілетін төмендеткен.

«Салдарын жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды» делінген департамент хабарламасында.

Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылған, заң бұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер