Көкшетауда 1600-ден астам әйел кимешек киіп, Қазақстан рекордын жаңартты

1173
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда Наурыз мерекесі қарсаңында 1600-ден астам кимешек киген әйелдер шеруі өтті. Бұл шара Қазақстан Гиннес рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.

Ақмола облысының аналар кеңесі ұйымдастырған парад Салтанат сарайы алдында басталып, қатысушылар бір шақырымдық жолды жүріп өтті. Шара қала тұрғындары мен онлайн көрермендерге тікелей көрсетілді.

Парадтың басында Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ белсенді әйелдер ұйымдарының жетекшілері жүрді. Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, әртістер мен басқа да мамандық өкілдері қатысты.

Қазақстан Рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастулеков бұл оқиғаны ресми түрде тіркегенін жариялады.
Шараның соңында облыс әкімі Марат Ахметжановқа ресми сертификат тапсырылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер