АҚШ Сенатындағы республикашылдар президент Дональд Трамптың Украинаға әскери және барлау көмегін тоқтату туралы шешімін қайта қарауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Республикашылдар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізудегі ұзаққа созылған үзіліс Украина үшін ауыр салдарға әкеліп, Ресеймен келіссөздердегі ұстанымын әлсіретуі мүмкін. Бұл туралы The Hill басылымы хабарлады.
Солтүстік Каролинадан сайланған сенатор Том Тиллис әскери көмектің уақытша тоқтатылуы Ресей президенті Владимир Путинге тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол бұл жағдайдың «қолайсыз әсер» қалдыратынын айтып, көмектің ұзақ уақытқа тоқтатылмауын үміт ететінін жеткізді.
Сенаттың ассигнациялар комитетінің төрайымы Сьюзан Коллинз қазіргі жағдайды "Украина үшін аса маңызды кезең" деп бағалады және көмекке қойылған шектеулерге қарсылық білдірді. Ал Сенаттағы республикашылдар көшбасшысы Джон Тьюн бұл уақытша шешім екенін, келіссөздер нәтижесінде соғысты тоқтатуға мүмкіндік бар екенін айтты.
Оңтүстік Каролинадан сенатор Линдси Грэм Трамптың Украинамен барлау деректерімен алмасуды тоқтату шешіміне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, бұл ұзақ мерзімді перспективада күрделі мәселелер тудыруы мүмкін.
Сенаттың барлау комитетінің мүшесі Джон Корнин Украинаға берілетін барлау деректері олардың күресті жалғастыруы үшін аса маңызды екенін мәлімдеді. Қарулы күштер комитетінің мүшелері Майк Раундс пен Деб Фишер де осы пікірді қолдады.
АҚШ президенті Дональд Трамп 3 наурызда Украинаға әскери және гуманитарлық көмекті тоқтатуға бұйрық берді. Бұл шешім Ақ үйдегі Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған пікірталастан кейін қабылданды.
28 ақпанда Овальды кабинетте өткен кездесуде Трамп Зеленскийді "бейбітшілікке дайын емес" деп айыптап, АҚШ-тың Украинамен келіссөздерден шығуы мүмкін екенін ескертті. Зеленский бұл сөздерге қарсы шығып, келіссөздерден мерзімінен бұрын кетіп қалды.
АҚШ Сенатының республикашыл мүшелері қазіргі жағдайда Украинаға әскери және барлау көмегін қайта бастау маңызды деп есептейді.