Моңғолияда Шыңғыс хан музейінде ұлы Қағанның ордасы ашылып, ол жерге Шыңғыс ханның 120 кг таза алтыннан құйылған ескерткішін, мөрін, ақ туын орналастырыпты. Моңғол халқының Шыңғыс ханға деген шексіз құрметі бұл ғана емес...
Ел астанасы Улаанбатар қаласының сыртындағы төбенің басына әлемдегі ең үлкен " аттылы кісінің", яғни Шыңғыс ханның алып мемориалдық кешенін тұрғызды, жеке кәсіпкер өз қаражатына.
Ол бұл күнде Египеттегі пирамидалар сияқты әлемнің бір ғажайыбына айналып, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағынын тартқан жәдігерге айналды.
Мұнымен қоса мемлекеттік ең басты ғимарат – үкімет үйінің тура кіре берісінде биіктігі үкімет үйімен бірдей, төрт қабатты, Қағанның тақта отырған ескерткіші бар.
Тарихтың кері соққан желімен Шыңғыс ханның алып империясының орталығы болған өлкеге орналасып қалған елеусіз халқа жұрты бүгінде Шыңғыс ханның ұрпағы,елі болып... дүниенің төрт бұрышына танылып,танылған сайын таныла түсу үшін барынша Шыңғыс ханды ұлықтап, дәріптеп жатыр...
Бізде ше..?
Шыңғыс хан құрған алып империяның тікелей жалғасы, әлеуетті Алтын ордадан Әбілқайыр хандығы, Қазақ ордасы ,одан бүгінгі Қазақстан республикасы болып отырған – Біз не істедік..?
Бір қуысқа қойған (оған да шүкір деп жүрген) Сайыпқыран Кенесары ханның ескерткішін көлеңкемізден қорқып алып тастадық...
Бізді ұрып өлтіретін кісі жоқ...
Өміртай Лахан