Теміржолдағы апат. Бірнеше бағыттағы пойыздар кешігуде

1046
Adyrna.kz Telegram
Фото: None
Фото: None

Атырау облысының Теңдік станциясындағы темір жол өткелінде «КамАЗ» жүк көлігі мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан бірқатар жолаушылар пойызының қозғалысы кешігуі мүмкін. Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” (ҚТЖ) ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа 2 қалпына келтіру пойызы мен 6 техника жұмылдырылған.

Маңғышлақ – Атырау, Ақтөбе – Атырау, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Атырау, Волгоград – Ташкент бағытындағы пойыздар кешігеді.

Атырау облысының әкімдігі Қарабатан станциясынан Атырау теміржол вокзалына дейін жолаушыларды тасымалдау мақсатында 10 автобус ұйымдастырды.

ҚТЖ мәліметінше, апат кезінде локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен, сондай-ақ локомотив бригадасының жұмысшылары зардап шеккен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер