Америкалық жазушы Джудит Линберг қазақ ақынының өлеңдеріне таңданысын білдірді

1158
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында тұратын танымал жазушы Джудит Линберг қазақ ақыны Ербол Алшынбайдың “Жылқы ғана жалғандағы серігім” атты өлеңдер топтамасына тәнті болғанын жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Abai.kz-ке сілтеп.

Көшпенділер мәдениетіне ерекше қызығушылық танытатын америкалық қаламгерге бұл жырлар жолма-жол ағылшын тіліне аударылып жіберілген. Жазушы өз әсерін былайша сипаттайды:

“Әр бөлімінен мен дала тынысын, оның қуатын сезіне алдым. Далада өскен шу асау пырақтар мен оны жырлаған ақынның қарым-қатынасы тек жеке байланыс қана емес, сонымен қатар көшпенді өмір салты мен ұмыт болған дәстүрлердің метафорасы ретінде көрінді. Өлеңдегі “дауыл мен уақыт мүжіп тастаған ежелгі молалар, ұмыт болған зираттар топыраққа айналып барады” деген жолдар қазақтың ғасырлар бойғы мәдени мұрасының өткен шақта терең көміліп қалғанын көрсетеді”, – дейді Джудит Линберг.

Ол сондай-ақ, ақынның балалық шағы мен жылқыларға деген ерекше құрметі туралы толғанған сәттеріне назар аударған. Жас кезінде қара тайымен байланысқан бала кейін заман талабына сай қалаға кетуге мәжбүр болып, дәстүрлерін артта қалдырады. Бірақ бұл сағыныш мәңгілік жадымызда сақталатынын жазушы ерекше атап өтті.

“Жылқының қу басы туралы жыр” атты бөлім өткен дәстүрлердің жоғалуын көрсетеді. Бірақ соңғы бөлімде жылқылардың қайта оралуы туралы жырланғаны маған үміт пен рухани жаңғыруды білдіретіндей көрінді. Тәңірдің кең аспаны астында көшпенді мәдениет өзінің құндылығын жоғалтпайды”, – деп түйіндеді америкалық жазушы.

Джудит Линберг қазақ жырларын түпнұсқа тілінде оқыса, одан да терең әсер алатынына сенімді екенін айтты. Осылайша, қазақ поэзиясы мен көшпенділер мәдениеті алыс Америкада да ерекше бағалануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер