Бес баласы бар. Кеніште қаза тапқан Олжас Нұрілдаев жерленді

1340
Adyrna.kz Telegram

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған қайғылы оқиғада қаза тапқан Олжас Нұрілдаевтың артында бес баласы қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Марқұмның туысы Серік Дүйсенұлының айтуынша, Олжас төрт ұл, бір қыздың әкесі болған.

«Жары бар, анасы бар, інісі мен қарындасы бар. Ініміздің қазасы – біз үшін орны толмас қайғы. Ол үлкен әкесінен тәлім-тәрбие алған, жөн-жобаны білетін азамат еді. Балаларының үлкені 24 жаста, кенжесі екіде. Үкімет берген уәдесінде тұрып, балаларына қамқорлық жасаса дейміз», – дейді Серік Дүйсенұлы.

Айта кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы опырылып түскен. Құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында үйінді астында қалған жеті кеншінің денесін тапты.

Оқиғадан кейін Ұлытау облысында апаттан қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер