Алматы - әлемдегі ауасы ең лас мегаполистердің тізімінде төртінші орында, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Рейтингті швейцариялық IQAir компаниясы жасаған. Алматы қаласы рейтингте төртінші орынға жайғасқан.
Бұл рейтинг жарияланған кезде тізімді Бішкек (Қырғызстан), Киншаса (Конго ДР), үшінші орында Сараево қаласы (Босния және Герцеговина), одан кейін Алматы (Қазақстан) бастап тұр.
IQAir мәліметтері бойынша, Алматыдағы ауаның ластану индексі 183 баллға жеткен.