Алматыдағы зообақ басқа қалаға көшірілмек

1036
Adyrna.kz Telegram
Фото: vlast.kz
Фото: vlast.kz

Алматы қаласындағы зообақ Қазақстанның басқа қаласына көшеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алатау қаласында өткен жоба кеңесінде зообақтың Алатау қаласына көшуі туристік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына байланысты екені айтылды.

Сонымен қатар, Алатау қаласында 11 жоба әзірленіп жатыр, олардың ішінде туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес сияқты салалар қамтылған.

Алатаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру және кадрлық әлеуетін нығайту үшін, Алатау қаласында жұмыс істейтін мамандарға ипотекалық кредит беру лимитін арттыру ұсынылды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев бұл бағдарламаны халықтың қажеттіліктері мен тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, кеңейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Алматы зообағы 1937 жылы ашылған. Ол кезде оның аумағы тек 7 гектарды құраған. 1960-жылдары зоопарк кеңейтілген. Қазіргі уақытта ең көне қазақстандық зообақ 21 145 гектар аумақты алып жатыр.

Еске  сала кетейік, 2024 жылы Президенттің жарлығымен Алатау қаласы облыстық маңызы бар қала болып құрылды. Үкімет қала үшін бас жоспарды бекітті және Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекараларын өзгерту туралы шешім қабылдады. Жаңа қала әлемдік инвестицияларды тарту орталығы болмақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер